Президент
1 мин оқу 350

Президент Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысын жіті қадағалауда - Берік Уәли

<div dir="auto" style="text-align: justify;">Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сыртқы істер министрлігі мен басқа да ведомстволардың Украинадағы Қазақстан азаматтарын эвакуациялау жөніндегі жұмысын жіті қадағалап отыр, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a>&nbsp;Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлидің Facebook парақшасына сілтеме жасап.</div>

«Мемлекет басшысы бұл бағыттағы жұмыстарды оң бағалады. Әскери іс-қимылдар басталғалы бері 553 отандасымызға көмек көрсетіліп, оның 432-сі елімізге аман-есен жеткізілді. Азаматтардың көпшілігі құтқару шаралары үшін Президентке алғыс айтып жатыр.
 
Дипломатиялық ведомствоның Украинадан ел азаматтарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда. Бүгін Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарын осы елден алып шығуға атсалысқан дипломаттарды, құрметті консулдарды, басқа да ведомство қызметкерлерін мемлекеттік наградалармен марапаттау үшін Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Кәлетаевқа ұсыныстар әзірлеуді тапсырды», делінген хабарламада.
Бөлісу:
Президент Украинадағы қазақстандықтарды эвакуациялау жұмысын жіті қадағалауда - Берік Уәли · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар