Аймақтар
1 мин оқу 430

Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілді

<p style="text-align: justify;">Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілуі мүмкін, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазгидромет» РМК таратқан мәліметке сәйкес, 7-9 наурыз аралығында Алматы облысында күн жылынып, қар аралас жаңбыр жауады.

«Осыған байланысты таулы аудандарда қар тез еріп кетуі мүмкін. Салдарынан тау беткейлерінде су ағыны пайда болады, өзен-көлдердегі су деңгейі көтеріледі» деп мәлім етті кәсіпорынның баспасөз қызметі.

Синоптиктердің болжамынша, 8-9 наурызда Іле Алатауы, Жетісу, Қырғыз Алатауы мен Талас Алатауында, Батыс Алтай мен Тарбағатайда қатты жауын-шашын жауады, тұман түседі.

Жел екпіні оңтүстік-батыс бағыттан солтүстік-шығыс бағытқа ауысады.

8 наурыз күндіз, 9 наурыз тәулік бойы кей жерлерде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Алматы облысында өзендегі су деңгейі көтерілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар