Әлем
1 мин оқу 414

Кремль соғыстың қандай жағдайда тоқтайтынын мәлімдеді

<p style="text-align: justify;">Кремль Украина билігі ресми Мәскеудің талабын орындаған жағдайда соғыс әрекеттері лезде тоқтатылатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Кремль соғыстың қандай жағдайда тоқтайтынын мәлімдеді

Бұл жөнінде Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ақпарат таратты. Ол Reuters-ке берген сұхбатында мәселенің мәнісін толық айтты. Песковтың сөзіне қарасақ, Украина конституцияға түзетулер енгізуі, бейтарап ел мәртебесін бекітуі тиіс. Сондай-ақ Қырымды Ресей аймағы ретінде танып, ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел ретінде мойындауы шарт. Мұндай шартқа Украина билігі келісе қояды дегенге сену қиын.

Бөлісу:
Кремль соғыстың қандай жағдайда тоқтайтынын мәлімдеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар