Экономика
1 мин оқу 925

Ұлттық банк теңге-доллар саудасының регламентін өзгертті

<p style="text-align: justify;">Қазақстан Ұлттық банкі &laquo;Қазақстан қор биржасы&raquo; АҚ-мен бірлесіп, 9 наурызда &laquo;теңге &ndash; АҚШ доллары&raquo; валюта жұбы бойынша сауда-саттық регламентін өзгерту туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;Ұлттық банкке сілтеме жасап.</p>

Оған сәйкес, «теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттық 9 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 15:00-де ашылады және Франкфурт аукционы форматында жүргізіледі.

«Бұл шешім жоғары құбылмалылық аясында валюта нарығының тұрақсыздануына және сыртқы факторлар тарапынан қысым жасауға жол бермеу мақсатында қабылданды.

«Теңге – АҚШ доллары» валюта жұбы бойынша сауда-саттықтың бұдан былайғы режимі туралы ақпарат ресми байланыс жасау арналары арқылы уақтылы жеткізілетін болады», делінген ҰБ ақпаратында.

Бөлісу:
Ұлттық банк теңге-доллар саудасының регламентін өзгертті · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар