Қазақстан
1 мин оқу 542

Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді

<p style="text-align: justify;">Аманжол Әлтай ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Бүгін палатаның жалпы отырысы барысында ол Қазақстан халқына адал қызмет етуге ант берді.

Бұған дейін Саяси кеңес Бюросының қаулысымен AMANAT партиясы Парламенті Мәжілісі депутатының партиялық тізім бойынша еркін мандаты Аманжол Әлтайға берілгені туралы хабарланған болатын.

Аманжол Әлтайдың айтыскер, суырып салма ақын, филология ғылымдарының докторы ретінде ғана емес, «белсенді азаматтық ұстанымы бар, әрқашан ел мен халықтың мүддесін бірінші орынға қоятын принципті адам ретінде танымал» екендігі атап өтілді.

Ол әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына кіреді.

Бөлісу:
Аманжол Әлтай Мәжіліс депутаты ретінде ант берді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар