Алан Құрманғалиев екі медаль еншіледі
<p style="text-align: justify;">Катарда үстел теннисінен WTA YouthStar Contender жасөспірімдер турнирі өтуде. Турнирге қазақстандық спортшы Алан Құрманғалиев те өнер көрсетуде, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Olympic.kz-ке сілтеме жасап.</p>
Жарыс күнінің қорытындысы бойынша жас қазақстандық спортшы үстел теннисінен WTT Youth Star Contender жасөспірімдер турнирінде екі күміс медаль жеңіп алды.
Жеке есепте ол Мохаммед Аль-Салуатиді (Катар) 3:0 есебімен, Юссеф Айдлиді (Тунис) 3:0 есебімен, Джулиан Рзихаушекті (Австрия) 3:1 есебімен, Ян Величковты (Болгария) 3:1 есебімен, ал финалда Тамито Ватанабені (Жапония) 1:3 есебімен жеңді.
Жұптық сында Құрманғалиев Юссеф Айдлимен (Тунис) бірге жарыстың екінші «күмісін» жеңіп алды.