KASE: Доллар бағамы 510 теңге болды
<p style="text-align: justify;">KASE Қазақстан қор биржасы 15:00-дегі жағдай бойынша доллардың орташа бағамы 510 теңгені құрап, тағы 6,21 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
Ресей рублінің орташа бағамы 0,1592 теңгеге төмендеп, 5,4207 теңгені, ал Қытай юанінің бағамы 81,01 теңгені құрады.
Айырбас пункттерінде америкалық долларды 511,5-517,5 теңгеден, еуро - 582-592 теңгеден сатып алады/сатады. Рубль - 4,0-5,10 теңгені құрады.
Сонымен қатар 9 наурыздағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы да біршама өсті.
Сәуірде WTI мұнай фьючерстері 1,11%-ға өсіп, барреліне 125,07 долларды құрады.
Мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың құны 1,54%-ға, яғни, барреліне 129,95 долларға дейін көтерілді.