Тағайындау
1 мин оқу 180

Асхат Ораловтың кеңесшісі тағайындалды

<p style="text-align: justify;">Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әбутәліп Мүтәлі AMANAT партиясы Атқарушы хатшысының кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол «Ашық партия» бірыңғай тұжырымдамасы аясында цифрландыру, мобильді қосымша құру және басқа да жобаларға жетекшілік етеді.

Әбутәліп Мүтәлі Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. The Pennsylvania State University (АҚШ) бітірген.

Ол – интеграциялық платформаларды құрумен айналысатын және мобильді қосымшаларды әзірлейтін Bolashak Engineering компаниясының негізін қалаушылардың бірі.

Бөлісу:
Асхат Ораловтың кеңесшісі тағайындалды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар