Ауа райы
2 мин оқу 365

Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 10 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің солтүстігінде, шығысында және орталығында қар, ал батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Елдің солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, батысы мен оңтүстігінде жаңбыр жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, батыста - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай күтіледі», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында – 15-23 м/с дейін жел күшейеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 17-22 м/с күшейеді.

Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 23 м/с, түнде және таңертең оңтүстікте, облыстың орталығында тұман күтіледі.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау облысының солтүстігінде тұман, көктайғақ, облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең батыста тұман түседі.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығы мен оңтүстік-батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Нұр-Сұлтанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 5-10 м/с жел соғады, түнде ауа температурасы -13...-15°С, күндіз -7...-9°С.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең жаңбыр жауады. Жел 2-7 м/с, түнде ауа температурасы +2...+4°С, күндіз +10...+12°С.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, кей кезде қатты жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м / с жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні 17-22 м/с жетеді, ауа температурасы түнде +2...+4°С, күндіз +17...+19°С.

Бөлісу:
Синоптиктер ауа райы болжамын ұсынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар