Хоккей
1 мин оқу 195

«Барыс» Гагарин Кубогындағы жарысын аяқтады

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық &laquo;Барыс&raquo; хоккей клубы Гагарин Кубогының плей-офф кезеңінің бірінші раундында Магнитогорск &laquo;Металлургіне&raquo; қарсы сериядағы бесінші матчтан ұтылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Ресейлік клуб жарысты өз алаңда 3:1 есебімен ұтты.

Бірінші кезеңнің соңындаі Семен Кошелев «Барыстың» қақпасына шайба соқтырды.

Ойынның екінші бөлігі нөлдік тең есеппен аяқталды.

Үшінші кезеңнің 47-ші секундында «Барыс» ойыншысы Кирилл Савицкий есепті теңестірді. Алайда, «Металлургтің» ойыншысы Анатолий Никонцев командасын алға жетеледі. 

Матчтың 51-минутында Денис Зернов 3:1 есебімен ойынның қорытынды нүктесін қойды.

Бөлісу:
«Барыс» Гагарин Кубогындағы жарысын аяқтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар