Жаңалықтар
2 мин оқу 250
Елу тоғыз депутат сайланды
Кеше Орталық сайлау комиссиясының баспасөз хатшысы Венера Жексембекова 2014 жылғы 30 наурызда өткен мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы брифинг өткізді.
Оның хабардар етуінше, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 101-бабы 4-тармағына сәйкес, 30 наурызда республиканың 14 өңірі бойынша 59 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өткен. Сайлауда Астана қаласы мәслихатының 1 депутаты, 7 облыстық депутат, 12 қалалық және 39 аудандық мәслихаттар депутаттары сайланған.
Сайлау науқаны барысында 188 кандидат ұсынылды, олардың 61-ін саяси партиялар, екеуін қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 125-і өзін өзі ұсынғандар. Округтік сайлау комиссиялары мәслихат депутаттығына кандидат ретінде 170 адамды тіркеді. Орташа бәсекелестік бір депутаттық мандатқа үш үміткерден келді. Жалпы, республика бойынша сайлау бюллетеньдеріне 145 кандидаттың тегі енгізілді.
Сайлау науқаны кезінде аумақтық және округтік сайлау комиссияларына тікелей тәжірибелік ұйымдастырушылық және әдістемелік көмек көрсету мақсатында Ортсайлауком мүшелері елдің бірқатар өңірлеріне барып қайтты. Олардың аумақтық және округтік сайлау комиссияларының мүшелерімен кездесуі барысында сайлау заңнамасының нормаларын сақтауды қамтамасыз ету мәселелері, сондай-ақ, аталған сайлау науқанын ұйымдастыру мен өткізуге байланысты басқа да мәселелер талқыланды.
– Алдағы науқан жөнінде сайлаушыларды ақпараттандыру деңгейін арттыру мақсатында Ортсайлауком сайлау науқанын ақпараттық сүйемелдеу медиа-жоспарын әзірлеп, жүзеге асырды. Сайлау науқанында «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттерінде материалдар жарияланды. Сондай-ақ, «Хабар» және «Қазақстан» телеарналарында ақпараттық шығарылымдар шеңберінде республика өңірлерінде сайлауға дайындық барысы туралы сюжеттер мерзімді түрде көрсетіліп тұрды, – деді В.Жексембекова.
ОСК баспасөз хатшысының айтуынша, сайлау күні 392 сайлау учаскесінде дауыс беру өткен. Сайлаушылардың келуі, алғашқы мәліметтерге сәйкес, 74,4%-ды құрапты. Дауыс беру және дауыстарды санау рәсімі барысын байқауды 686 кандидаттардың сенім білдірілген адамдары, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің және БАҚ өкілдері жүзеге асырған. Сайланған депутаттардың 44-і (74,6%) ер адам, 15-і (25,4%) әйел адам. Ал 57 депутат саяси партиялардың мүшесі, біреуі партияда жоқ, тағы біреуі партияға мүшелігін көрсетпеген.
Сайланған депутаттардың орташа жасы – 45. Олардың 56-сының (94,9%) жоғары, біреуінің (1,7%) арнаулы орта және екеуінің (3,4%) орта білімдері бар. Депутаттардың 39%-ы мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда және кәсіпорындарда, 34%-ы коммерциялық құрылымдарда қызмет істейді.
– Жалпы сайлау науқаны сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес өтті. Ортсайлаукомға 8 өтініш келіп түсті. Олар сайлау заңнамасының нормаларын түсіндіру жөнінде немесе кейбір кандидаттар мен сайлау комиссияларының іс-әрекеттерін құқықтық бағалау туралы өтініштерді қамтыған. Барлық өтініштер мезгілінде қаралып, олар бойынша тиісті жауаптар мен түсіндірмелер берілді, – деді В.Жексембекова.
Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ,
«Егемен Қазақстан».

«Егемен Қазақстан».Бөлісу: