Ауа райы
1 мин оқу 346

10 наурызға арналған ауа райы болжамы

<p style="text-align: justify;">&laquo;Қазгидромет&raquo; мамандары 10 наурыз, бейсенбі күні ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, шығысында, орталығында қар жауады, елдің батысында және оңтүстігінде қар мен жаңбыр қабат жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, батыста - көктайғақ, оңтүстікте - найзағай жарқылдайды.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында жел екпіні - 15-23 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды, жел екпіні 17-22 м/с дейін күшейеді.

Алматы облысының шығысында желдің жылдамдығы - 15-20, түнде - 23 м/с жетеді, түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман болады.

Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында - тұман, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метр жылдамдықпен күшті жел соғады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел екпіні - 15-20 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде тұман түседі, көктайғақ болады. Облыстың шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, солтүстігінде желдің күші - 15-20 м/с. Түнде және таңертең батыста тұман болады.

Күндіз Ақтөбе облысының оңтүстік-батысында, орталығында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Бөлісу: