Аймақтар
1 мин оқу 273

Назым сөздің ширатқан шын жібегін

<p style="text-align: justify;">Қармақшы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің К.Рүстембеков атындағы Жыраулар үйі Сыр сүлейі Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай жырау шығармаларын насихаттау мақсатында &laquo;Тұрмағамбет жырлары &ndash; жаңа ғасыр көгінде&raquo; атты аудандық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын ұйымдастырды.</p>

Назым сөздің ширатқан шын жібегін

Байқауға Жосалы кенті мен елді мекендердегі мектептерден 30 талапкер қа­тысты. Аудандық мәде­ниет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Дәурен Ер­жанов назым сөздің шын жібегін ширатқан шайыр атындағы байқауға қа­ты­су­шыларға сәттілік тіледі.

Қазылар шешімімен кіші топ бойынша бас жүлдені Айдана Ұланбек алды. Үлкен топтағы бас жүлде Маржан Берікболға бұйырды. Қал­ған орын иелері мен қатысу­шылар арнайы алғыс хаттар және сыйлықтармен марапатталды.

Жыл басынан өңірде Тұрмағамбет Ізтілеуовтің туғанына 140 жыл толуына орай мәдени шаралар легі басталды. Жақында ғана облыстық филармонияда дәс­түрлі орындаушылардың «Тұғыры биік – Тұр­ма­ғамбет» атты концерті өтті.

Ұлттық руханиятты Шы­ғыстың сарқылмас мол мұрасымен байытқан шайыр атындағы респуб­ликалық деңгейде шаралар ұйым­дас­тыру да жоспарлануда.

Қызылорда

Бөлісу:
Назым сөздің ширатқан шын жібегін · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар