Оқиға
1 мин оқу 600

Елордада «Абу-Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты

<p style="text-align: justify;">Нұр-Сұлтанда &laquo;Абу-Даби Плаза&raquo; көпфункционалды кешенінде желдеткіш камера өртенді, &nbsp;деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Сығанақ көшесі, 60/5 үйінің бойында өрт шыққаны туралы хабарлама сағат 14.57-де түскен.

«Шақыртудың жоғары нөмірі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері жедел жолданған, 4 минутта жеткен өрт сөндіру бөлімшелері ғимараттың 1 қабатында желдеткіш камерасының жануы орын алғанын анықтаған. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Өрт сөндірушілер жеткенге дейін қызметкерлер мен келушілер өз бетінше эвакуацияланған», делінген хабарламада.

Өрт орнында 16 бірлік техника мен жеке құрамның 61 адамы жұмыс істеп жатыр. Өрт 15:24 минутта жойылды.

Бөлісу:
Елордада «Абу-Даби Плаза» ғимаратынан өрт шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар