Әлем
1 мин оқу 391

АҚШ Украинаға әскери ұшақ беруге құлықсыз

<p style="text-align: justify;">АҚШ Украина еліне әскери ұшақтар беруге құлықсыз болып отыр. Бұл туралы АҚШ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Джон Кирби ақпарат таратты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&laquo;Хабар 24&raquo;-ке сілтеме жасап.</p>

АҚШ Украинаға әскери ұшақ беруге құлықсыз

Джон Кирби ондай қадамға бару НАТО мен Ресей арасындағы жағдайды ұшықтыра түсуі ықтимал деп есептейді. Бұған дейін Киев Батыстан әскери ұшақтар сұраған еді. Сейсенбі күні Польша тарапы Украина еліне «МИГ-29» ұшақтарын беруге дайын екенін мәлімдеген. Алайда Украина билігі АҚШ-тан «Эф-16» ұшағын беруді өтінген болатын.

«Украинаға әскери ұшақтар беру Ресейдің мүмкіндіктерімен салыстырғанда Украинаның әуе қарулы күштерінің мүмкіндігін арттырады деп ойламаймыз», дейді Джон Кирби.

Бөлісу:
АҚШ Украинаға әскери ұшақ беруге құлықсыз · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар