Парламент
1 мин оқу 501

Президент 16 наурызда саяси реформаларды жариялайды

<p style="text-align: justify;">Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2022 жылғы 16 наурызда сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын», деп жазылған Өкім мәтінінде.

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда халыққа жолдауын жасайтынын айтқан еді. Жолдауда жаңа саяси реформалар туралы, Қазақстанның алдағы даму жоспарлары қамтылмақ.

Бөлісу:
Президент 16 наурызда саяси реформаларды жариялайды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар