Оқиға
1 мин оқу 372

Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды

<p style="text-align: justify;">Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>&nbsp;&nbsp;Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

«Жамбыл облысы полиция департаментінің қызметкерлері кейінгі аптада 22 қару мен 800-ге жуық түрлі оқ-дәрі тәркіледі. Олардың ішінде үш жарық-шу гранатасы, бір травматика қаруы, бір тапанша, екі карабина, үш автомат, он екі аңшы мылтығы, екі газ тапаншасы бар», делінген хабарламада.

Қаруға сот-баллистикалық сараптама тағайындалған. Жамбыл облысының полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адамның басқа құқықбұзушылықтарға қатысы анықталмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Полиция қызметкерлері аты-жөнін жасырын сақтауға кепілдік береді.

Ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы құралдар туралы ақпарат болса, 102-ге қоңырау шалу керек.

Бөлісу:
Жамбыл облысында ұрланған 22 қару табылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар