Білім
2 мин оқу 750

Қазақстан Түркиямен білім саласында тәжірибе алмасады

<p style="text-align: justify;">Білім және ғылым министрлігі Қазақстан мен Түркия Үкіметтері арасында білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобасын дайындады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Келісімнің мақсаты - теңдік және өзара құрмет қағидаттары негізінде мемлекеттердің ұлттық заңнамаларына және халықаралық құқықтық нормаларға сәйкес білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Құжат келесі салалардағы ынтымақтастықты қарастырады:

  • Білім беру саласында тәжірибе алмасу, білім беру бағдарламаларын іске асыру, бірлескен жобаларды жүргізу, ғылыми жарияланымдармен алмасуды ынталандыру;
  • Ғылыми қызметкерлермен, сарапшылармен, мұғалімдермен, білім беру ұйымдарының басшыларымен және студенттермен алмасуды ынталандыру;
  • Білім беру саласындағы басшылар, мұғалімдер және қызметкерлер үшін біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұйымдастыру;
  • Оқу бағдарламалары мен материалдарын әзірлеу мен жетілдіруде тәжірибе алмасу;
  • Білім беруде жаңа технологияларды қолдану саласында тәжірибе алмасу;
  • Жалпы білім беру жүйесін өлшеу және бағалау жүйелеріне қатысты ақпарат пен тәжірибені өзара алмасу;
  • Өзара негізде студенттердің ғылыми және мәдени олимпиадаларға қатысуын ынталандыру;
  • Семинарлар, көрмелер, конференциялар, ғылыми зерттеулер сияқты іс-шараларға өзара қатысуды көтермелеу;
  • Бірлескен бағдарламалар, серіктестік қатынастар/бауырлас білім беру ұйымдары/және студенттік қызмет бойынша білім беру мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту;
  • Жастар саясаты және коммуникация саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

Бұдан басқа, тараптар бір-бірінің елдерінде өзара түсіністік негізінде оқу орындарын ашады деп көзделеді.

Сондай-ақ:

  • Келісім шеңберінде тағайындалатын ғылыми қызметкерлерге, оқытушыларға, мұғалімдерге және олардың отбасы мүшелеріне виза беру кезінде жәрдем көрсетеді;
  • Оқу орындарында Қазақстан мен Түркия әдебиеті, мәдениеті мен тарихын зерттеу жұмыстарын қолдайды;
  • Қазақ және түрік тілдерін оқыту орталықтарын ашу мүмкіндігі өзара негізде қарастырылады
  • Қазақстан тарапы Түрік тілін оқытуды көтермелейді және түрік тарапы қазақ тілін оқытуды көтермелейді.

Құжат Ашық НҚА сайтында жария талқылау үшін 30 наурызға дейін орналастырылған.

Бөлісу:
Қазақстан Түркиямен білім саласында тәжірибе алмасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар