Ауа райы
1 мин оқу 164

Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Еліміздің бірнеше облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, күн райының күрт нашарлауына байланысты еліміздің бірнеше аймағында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

Ақмола облысы:

11 наурыз сағат 13.00-де «Жезқазған – Петропавл» автожолының 377-440 шақырым аралығы

Ақтөбе облысы:

11 наурыз сағат 11.00-де «Самара-Шымкент», 776-1240 шақырым аралығы. 11 наурыз сағат 13.00-де «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» а/ж жүк және автокөліктің қоғамдық түрлері үшін 0-234 шақырымдар аралығы.

БҚО:

11 наурыз сағат 13.00-де Қостанай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «Жезқазған-Петропавл» а/ж 137-252 шақырымдар аралығы.

Қостанай облысы: 11 наурыз сағат 13.00-де ауа райы күрт бұзылып, боранның күтілуіне байланысты автокөліктердің барлық түрлері үшін а/ж қозғалысына шектеу енгізілді:

1. «Жезқазған-Петропавл» 252-377 шақырым аралығы.
2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 234-262 шақырым аралығы.

Қызылорда облысы:

11 наурыз сағат 11.00-де (елорда уақыты бойынша) ауа райының нашарлауына байланысты «Самара-Шымкент» тас жолының 1240-1357 шақырымында автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді.

«Азаматтарды ауа-райы болжамын жіті бақылап, алыс сапарға шықпауға шақырамыз. Штаттан тыс жағдай туындаса, жүргізушілер мен жолаушылар 1403 нөмірі бойынша ҚазАвтоЖол ҰК АҚ-ның тәулік бойы жұмыс жасайтын call-орталығына хабарласуы қажет», деп жазылған ресми мәліметте.

Бөлісу:
Бірнеше өңірде республикалық маңызы бар жолдар жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар