Қазақстан
1 мин оқу 226

Украинаға Қазақстаннан тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді

<p style="text-align: justify;">Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының жүк қоймасынан Украинаға 40 тоннаға жуық гуманитарлық көмек жіберілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Елшіліктің баспасөз қызметі бұл жер үсті арқылы көлікпен жіберілген алғашқы гуманитарлық жүк екенін атап өтті. Қарулы қақтығыс басталғаннан бері Украинаға Қазақстаннан 25 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Ол қазірдің өзінде елдің ең мұқтаж аймақтарына бөлінген.

Украинаға жіберілген әр қорапта екі елдің жалаулары мен «Украина халқына Қазақстан халқынан» деген мәтін түріндегі жапсырма бар.

Бөлісу:
Украинаға Қазақстаннан тағы да гуманитарлық көмек жөнелтілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар