Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды
<p style="text-align: justify;">Бүгін Түркіменстанда кезектен тыс президенттік сайлау басталды, 2 577 сайлау учаскесінде дауыс беру процесі Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-ге дейін жалғасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://ria.ru/20220312/vybory-1777785036.html" target="_blank" rel="nofollow noopener noreferrer">РИА Новости</a>-ге сілтеме жасап.</p>
Түркіменстанның шет елдердегі дипломатиялық және консулдық мекемелерінің жанынан ашылған 41 сайлау учаскесінде де дауыс беріліп жатыр.
Президент лауазымынан тоғыз кандидат үміткер. Түркіменстанның заңнамасында сайлаушылардың қатысу шегі белгіленбеген, сондықтан сайлау кез-келген жағдайда да өтті деп танылады.
Алғашқы тіркелген кандидат - қазіргі президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың ұлы.
Сердар Бердімұхамедов Түркіменстан Демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп жатыр. 2021 жылдың 11 ақпанынан бастап 40 жастағы Сердар вице премьер-министр қызметін атқарып келеді.