Елорда
1 мин оқу 183

Ауа райына байланысты елорда маңына автобус қатынасы тоқтады

<p style="text-align: justify;">Ауа райының нашарлауына байланысты Нұр-Сұлтан қаласының іргесіндегі елді мекендерге қатынайтын № 315 және 316 автобус бағдарлары уақытша тоқтады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

City Transportation Systems компаниясынан мәлім еткендей, аталған екі жолаушы автобусының қозғалысы бүгін сағат 11:40-тан бастап тоқтатылды.

«Қала маңына қатынайтын басқа бағдарлар линияда», - деді компаниядан.

Айта кетейік, бұрқасын мен қатты желге байланысты бүгін Нұр-Сұлтан – Теміртау трассасы жабылды. Сондай-ақ Ақмола облысының өңіріндегі боранға байланысты кеше блокпостарда 400-ге жуық көлік кептелісі қалыптасты. 200-ге жуық адам құтқарылды.

Бөлісу:
Ауа райына байланысты елорда маңына автобус қатынасы тоқтады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар