Әлем
1 мин оқу 404

Қырғызстан колма-қол доллар валютасын елден шығаруға тыйым салды

<p style="text-align: justify;">Қырғызстанның Ұлттық банкі коммерциялық банктер, айырбастау бюролары, микроқаржы және микрокредиттік компаниялар арқылы қолма-қол доллар валютасын елден шығаруға уақытша тыйым салды. Бұл туралы Қырғызстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Кабар агенттігіне сілтеме жасап.</p>

«Қырғызстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында елдің Ұлттық банкі басқармасы 11 наурызда «Коммерциялық банктерге, айырбастау бюроларына, республиканың микроқаржы және микрокредиттік компанияларына қатысты қолма-қол шетел валютасымен операция жасауға уақытша шектеулер туралы» қаулы қабылдады», - делінген хабарламада.

Осы қаулыға сәйкес, Қырғызстан Ұлттық банкінің лицензиясы бар комбанктер, айырбастау бюролары, микроқаржы және микрокредиттік компанияларға 2022 жылғы 11 наурыз күні сағат 17:30-дан бастап АҚШ долларын Қырғызстаннан тыс жерлерге әкетуге уақытша тыйым салынды.

Бөлісу:
Қырғызстан колма-қол доллар валютасын елден шығаруға тыйым салды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар