Елімізде қант қоры жеткілікті - Cауда министрлігі
<p style="text-align: justify;">Елде қант тапшылығы жоқ, деп жазады <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.</p>
«Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» - деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз», - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі Әлішер Өмірзақ.
Еске салсақ, бұған дейін де Қазақстандағы қанттың қоры 3 айға жететіндігі хабарланды. Алайда бірнеше өңірде қант саудасына байланысты ажиотаж байқалды.