Қысқы спорт
1 мин оқу 160

Әлем кубогының финалында конькиден отандасымыз сегізінші келді

<p style="text-align: justify;">Қазақстандық конькиші Надежда Морозова Голландияның Херенвен қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының финалында сегізінші болды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Sports.kz сайтына сілтеме жасап.</p>

Қазақстандық спортшы 1 500 метр қашықтықты 1 минут 55,26 секундта еңсеріп, сегізінші орынға жайғасты. Морозова көш бастап тұрған спортшыдан 2,60 секунд артта қалды.

Бірінші орында – жапондық Михо Такаги, екінші орында – нидерландтық Антуанетта де Йонг, үзіктер үштігін норвегиялық Рагне Виклунд жапты.

Айта кету керек, тағы бір қазақстандық конькиші Екатерина Айдова аталған қашықтықты 1 минут 58,563 секундта еңсеріп, 13-ші орынға шықты.

Бөлісу:
Әлем кубогының финалында конькиден отандасымыз сегізінші келді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар