Коронавирус
1 мин оқу 263

Коронавирусқа шалдыққан 26 науқастың жағдайы өте ауыр

<p style="text-align: justify;">Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия КВИ-ге шалдыққан науқастар туралы мәлімет ұсынды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

13 наурыздағы жағдай бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 10 881 адам (9 825 КВИ+ және 1 056 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 988 пациент стационарда, 9 893 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+ (коронавирус инфекциясы), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында:

- 89 адамның жағдайы ауыр,

- 26 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 21 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Бөлісу:
Коронавирусқа шалдыққан 26 науқастың жағдайы өте ауыр · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар