Әлем
1 мин оқу 193

Түркіменстанда өткен президент сайлауында дауыс беру аяқталды

<p style="text-align: justify;">Түркіменстанда мерзімінен бұрын өткізілген президент сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Сайлау және референдумдар жөніндегі орталық комиссиясы 12 наурызда жергілікті уақыт 19-00-дегі мәлімет бойынша, сайлаушылардың 97,12% дауыс бергенін хабарлады. Ресми дерек бойынша, бүкіл облыс пен ел астанасында дауыс беруге келушілер 97% құраған. Бұл көрсеткіш шетелдегі учаскелерде 91 процентке жуықтайды.

Сарапшылардың көбі қазіргі президенттің ұлы 40 жастағы Сердар Бердімұхамедов айқын басымдықпен жеңіске жетеді деп болжайды. Саяси додаға одан басқа 8 үміткер қатысқан. Сердар Бердімұхамедов өткен жылдың 11-13 ақпанында вице-премьер, Жоғары бақылау палатасының төрағасы болып тағайындалып, Түрікменстанның Мемлекеттік қауіпсіздік кеңесінің құрамына енген.

Жаңа мемлекет басшысын  ұлықтау рәсімі 19 наурызға белгіленіп отыр. Түркіменстанда президент 7 жыл мерзімге сайланады.

Бөлісу:
Түркіменстанда өткен президент сайлауында дауыс беру аяқталды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар