Аймақтар
1 мин оқу 202
Қостанай облысында жолда қалғандар эвакуацияланды
<p style="text-align: justify;">Наурыз айының 11-12 жұлдызында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан жүзден аса қостанайлық барар жеріне жете алмай қалды. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізілген құтқару жұмыстары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p>
«Бір тәулік ішінде құтқарушылар 122 адамды эвакуациялаған. Олардың қатарында жеті бала бар. 9 автокөлік жолдың таза бетіне шығарылды.
Атап айтқанда, Қамысты, Сарыкөл, Наурызым және Жангелді аудандарында, сонымен қатар Арқалық пен Жітіқара қалаларының маңайында құтқару жұмыстары жүргізілді», деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу: