ASUS компаниясы да Ресей нарығымен қоштаспақ
<p style="text-align: justify;">«Тайванның компьютерлік техника өндірумен айналысатын ASUS компаниясы жұмысшылар мен бизнесті Ресейден эвакуациялау мүмкіндігін қарастырады», деді Тайванның экономика министрі Ван Майхуа. Бұл туралы аралдың Орталық ақпарат агенттігі мәлімет таратты деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Ең алдымен ASUS өз жұмысшылары мен бизнесін Ресейден эвакуациялау туралы ойлануы мүмкін», - деді Ван Майхуа Украина тарапының Ресеймен қарым-қатынасты тоқтату туралы үндеуіне түсініктеме бере отырып. Бұған дейін Украинаның вице-премьері, цифрлық трансформация министрі Михаил Федоров ASUS компьютерлік электроника компаниясынан Ресеймен қарым-қатынасты және елдегі қызметті тоқтатуды өтінген еді.