БҰҰ: 2,7 миллионға жуық адам Украинадан кетті
<p style="text-align: justify;">Соғыс басталғаннан бері Украинадан 2 миллион 698 мың 280 адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сайтында жарияланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Польшаға - 1,6 миллионнан астам адам, Венгрияға - 246 мыңнан астам, Словакияға - 195 мың, Ресейге - 105 мың, Молдоваға - 104 мың, Румынияға - 84 мыңнан астам, Беларусь еліне - 938, басқа Еуропа елдеріне – 304 мыңнан астам адам көшіп барған.
Украинада 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 41 миллион 167,3 мың адам тұрған.
Еске салсақ, 24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбассында арнайы әскери операция басталғанын хабарлады.