5 мың шақырымнан астам республикалық жол тазартылды
<p style="text-align: justify;">9-14 наурыз аралығында барлық автокөлік түрлері үшін Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында жүруге шамамен 45 рет шектеу енгізілді, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
Күн сайын ауа-райының қолайсыздығына 600-ден астам арнайы техника мен 1 мыңға жуық жол жұмысшылары жұмылдырылып, Республикалық маңызы бар 5 мың шақырымнан астам жол тазартылды.
Еске сала кетсек, Республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы 25 мың км құрайды, сонымен қатар, қолайсыз ауа райында «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ бірыңғай тәулік бойы call-орталығы 1403 қысқа нөмірі бойынша 2 мыңнан астам қоңырауға жауап берді.
Қазіргі уақытта Республикалық маңызы бар барлық жолдар ашық.