Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды
<p style="text-align: justify;">Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.</p>
«Партия төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен Қайырбек Дәулет Жамаубайұлы Amanat партиясының хатшысы болып тағайындалды», делінген хабарламада.
Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Ол - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Саясаттану» мамандығы бойынша PhD докторы.
2009 жылдан бастап Jas Otan жастар қанатында түрлі қызметтер атқарды. 2019 жылы Jas Otan партиясын басқарды және президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.
Сондай-ақ, «Нұрсұлтан әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасы»ММ басшысы және Nur Otan партиясының елордадағы филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Ал тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеді. Ол - Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.