Жаңалықтар
1 мин оқу 280
Қызылордадағы университет аккредиттеуден сәтті өтті
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті аккредиттеуден сәтті өтті. Бұл туралы аталмыш оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.
Биылғы жылдың 29 наурызында Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінде (БСҚТҚА) «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін аккредиттеу» туралы шешім қабылданды. Сараптама қорытындысына сәйкес, бакалавриаттың 15, магистратураның 9 және докторантураның 2 мамандықтары аккредиттеуден сәтті өтті.
Аккредиттеу мақсаты – жоғары оқу орындарының білім бағдарламаларының халықаралық стандарттарға сәйкестігін тану үшін аккредиттеу органының бағалау процесі болып саналады. Дәлірек айтсақ, мамандандырылған аккредиттеу барысында білім беру қызметі, оқу бағдарламаларының сапасы, мемлекеттік стандарттар мен білім беруді ұйымдастырудың және оны жүзеге асыру нормативтеріне сәйкестігі бағаланады. Аккредиттеу шеңберінде халықаралық және отандық сарапшылар тобы білім ордасының оқу ғимараттарымен танысып, жоғарыда аталған мамандықтар бойынша білім алушылармен, оқытушы-профессорлар құрамымен, жұмыс берушілермен, түлектермен және бітірушілермен кездесті. Сондай-ақ, олар университеттің «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертханасында болып, ғылыми-зерттеу жұмыстарының жайына қанықты.
Сарапшылар университеттің республикалық, шетелдік жоғары оқу орындарымен әріптестік байланысы мен бакалавр-магистр-докторлардың білім сапасына жоғары баға берді.
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Фото: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.
Бөлісу: