Қоғам
2 мин оқу 320

Жаңа бассейн пайдалануға берілді

<p style="text-align: justify;">Өңір спортшылары бұған дейін №1 спорт мектебіндегі 25 метрлік бассейнде жаттығып келген. Ал жаңа пайдалануға берілген заманауи кешенде ұзындығы 50 метр, тереңдігі 2-3 метр болатын 10 жолақ бар. Мамандар халықаралық талаптарға сай келетін ұзын бассейн жаттығушылардың деңгейін көтеріп, жас спортшыларды жоғарғы жетістіктерге жетелейді деп отыр.</p>

Жаңа бассейн пайдалануға берілді

Спорт кешенінің ашылу рәсімінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтау сөз сөйлеп, аймақтағы спорттың дамуын тілге тиек етті.

– Соңғы уақытта облыс тұрғындарының 38 пайызы немесе 297 мыңнан астам адам, оның ішінде 80 мың жасөспірім дене шы­нықтырумен, спортпен тұ­рақ­ты шұғылданады. Прези­дент тапсырмасы бойын­ша аймақта біраздан бері спорт бағытындағы мемлекеттік тап­­­­сырыстар жүзеге асыры­лып жатыр. Оған облыс бюд­жетінен шамамен 500 млн теңге қарастырылған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артық. Жаттықтырушы-оқытушыларға қосымша 146 жұмыс орны құрылып, 7 мың­нан астам жас жеткіншек, оның ішінде көп­балалы және аз қамтылған от­ба­сылар­дан шыққан өрендер спорт секция­ларындағы тегін сабақтарға барып жүр, – деді А.Мұхамбетов.

Іргетасы 2020 жылы қалан­ған жаңа спорт нысанының құрылысын мемлекет-жекемен­шік әріптестігі аясында «АстанаГражданСтрой» компаниясы жүргізген. Жо­баның құны 2 млрд теңгеден асады. Жұмсалған ақшаның 30%-ы бюджеттен берілсе, 70%-ын банк қаржыландырды.

Спорт кешенінің жалпы ауданы 8 мың шаршы метр болады. Жаңа ғимарат қажетті техникалардың озық түрлерімен жабдықталған.  Бас­­сейндегі су халықаралық стандартарға сәйкес тазартылып отырады.

Салтанатты жиынның соңы суда жүзуден облыс чемпио­натына ұласты. №1 спорт мек­тебінің жаттықтырушысы Сер­гей Горощеня жаңа бассейнде жаттыққан спорт­шылардың көп кешікпей жо­ғарғы нәтиже­лерге қол жеткі­зетініне сенімді.

– Бұған дейінгі 25 метрлік қысқа бассейнде спортшылар­ды жоғарғы деңгейде жаттық­тыруға мүмкіндік бол­­май келді. Сон­дықтан 50 метрлік бассейнде жаттығатын өзге өңір­лердегі спортшылармен жарысқа түсу қиын. Ұзын бассейндегі жат­тығу спорт­шының жүзу жыл­дамдығын артты­рып,  техникасын шың­дауға өте қолайлы, – деді жат­тық­тырушы.

Қостанай облысы

Бөлісу:
Жаңа бассейн пайдалануға берілді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар