Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 983

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға ескерту жасады

<p style="text-align: justify;">Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ оғланы Жәнібек Әлімханұлы әлеуметтік желілер арқылы өз салмағындағы чемпиондарға қайырылды, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға ескерту жасады

«Чемпиондар, дайын болыңдар! Мен өзіме тиесілі әлем чемпионы белдігін жеңіп алғаннан кейін сендердің белдіктеріңе таласатын боламын», деп жазды отандасымыз твиттерде.

Бұған дейін бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) Жәнібекке бір емес, үш бірдей боксшыны қарсылас ретінде белгілеген болатын.

Алайда әлем чемпионы Деметриус Андраде, бразилиялық Эскива Фалькао, мексикалық Хайме Мунгия қазақ сайыпқыранымен жұдырықтасудан бас тартты.

Аттары аталған боксшылардың әрбіріне он күннен уақыт жоғалтқан қазақ саңлағы кемі бір айдан астам уақыт бойы ешқайсысымен келісімге келе алмады. Дұрысы, олар кездесуден бас тартты.

Енді бүкіләлемдік бокс ұйымы Жәнібекке қарсылас ретінде ұлыбританиялық Дэнни Дигнумды тағайындады. Ағылшын өрені шайқастан қашып құтылмаса, екі боксшы WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағын сарапқа салатын болады.

Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлы чемпиондарға ескерту жасады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар