Аймақтар
1 мин оқу 230

Атырауда 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды

<p style="text-align: justify;">Атырауда 546 шетелдіктің&nbsp;көші-қон заңнамасын бұзғананы анықталды,&nbsp;деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ІІМ ақпараттық порталына сілтеме жасап.</p>

Ішкі істер министрінің нұсқауымен Атырау облысы аумағында 10-17 наурыз аралығында республикалық «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

«Жедел шараның төрт күнінің қорытындысы бойынша көші-қон заңдылықтарын бұзған 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев.

Көші-қон заңнамасының талаптарын бұзған шетелдіктерді қабылдаған 108 адам жауапкершілікке тартылса, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқан 15 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ көші-қон заңнамасын бұзған 17 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды.​ Қабылдау-тарату орнына мәжбүрлі түрде шығару үшін екі тұлға қамауға алынды.

Бөлісу:
Атырауда 546 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар