Қазақстан
1 мин оқу 330

Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алынды

<div class="description" style="text-align: justify;"> <p class="Text_root__k3x6F Text_size_md__1RW_V Text_tablet-size_lg__2cbbL Text_lineHeight_lg__3livc Text_tablet-lineHeight_sm__3Yyr6 Text_color_black__GPxvg Text_bold__2rCkP">&laquo;Қазақтелекомның&raquo; қаражатын аса ірі көлемде ұрлау дерегі бойынша ұсталған Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алу туралы сот шешімі шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz.</a></p> </div>

Тиісті шешімді Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарды.

«2022 жылдың 15 наурызында Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Сатыбалдыұлы Қайратқа қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», делінген қалалық соттың сайтында.

Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етілуге ​​жатпайды.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған болатын.

Бөлісу:
Қайрат Сатыбалдыұлы 2 айға қамауға алынды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар