Футбол
1 мин оқу 335

Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді

<p>Ойын 24 наурыз күні Талғардағы ұлттық құрама командалардың базасында өтеді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасы 2023 Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Шотландиямен болатын ойынға дайындықты 18 наурыз күні бастайды.

Талғарда өтетін оқу-жаттығу жиыны аясында Қайрат Нұрдәулетов командасы Қырғызстанның олимпиадалық құрамасымен U-23 жолдастық матч өткізуді жоспарлап отыр. Кездесудің басталу уақыты – 17:00. Екі жақтың келісімі бойынша ойын жабық күйде өтетіндіктен трансляция болмайды.

Айта кетсек, Қазақстан мен Шотландия құрамалары арасындағы ресми ойын 29 наурыз күні Алматы қаласының «Орталық» стадионында өтеді.  

Бөлісу:
Қазақстан жастар құрамасы Қырғызстанмен жолдастық кездесу өткізеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар