Қоғам
2 мин оқу 155

Жаңа терминалдарда тіркеу аймақтары кеңейтіледі

<p style="text-align: justify;">Қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жолаушыларға арналған терминалдарды реконструкциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл жолаушылар үшін Қостанай, Орал және Үржар қалаларындағы әуежайларда жаңа терминалдар қолжетімді болады.</p>

Жаңа терминалдарда тіркеу аймақтары кеңейтіледі

Осы және басқа да мәсе­ле­лер Индустрия және инфра­құ­ры­лым­дық даму министрі Қайыр­бек Өскенбаевтың тапсыр­масы бо­­йын­ша өткен ке­ңес­те талқыланды. Кездесуге Аза­­маттық авиация ко­ми­тетінің қыз­меткерлері, Қазақ­стан­ның авиа­­циялық әкімшілігі және қа­зақстандық авиакомпаниялар мен әуежайлардың өкілдері қатысты.

Сонымен бірге әуежайлардағы сервисті жақсартуға бағытталған жобалар қаралды. Осылайша, жо­лаушыларға арналған жаңа тер­миналдарда тіркеу аймақтары кеңейтіліп, жолаушыларды тір­кеу және багажды өңдеу бо­йын­­ша жаңа технологиялық ше­­­шімдер жүзеге асырылады деп жос­­парланып отыр. Бүгінгі таң­да Алматы және Шымкент қала­ларының әуежайларында жаңа терминалдың құрылысы бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға қыз­мет көрсету мәселелеріне ерекше на­зар аударылды. Мүм­­кіндігі шектеулі жолау­шы­лардың ке­дергісіз жү­ріп-тұруы үшін әуе­жайлар мен авиаком­пания­ларға арнайы крес­лолардың, автокөлік пен тасымалдау тетік­терінің болуы сияқ­ты қажет­ті қызметтерді сапалы әрі уақ­тылы көрсету тапсырылды.

Биыл авиакомпанияларға әуе тасымалы бойынша шектеу қойылған адамдардың жеке тізі­лімін жүргізуге мүмкіндік бе­ретін норма қолданысқа ен­гі­зіліп жатыр. Тізімге бортта, әуе кемесінің ұшып көтерілуі мен қонуы кезінде құқық бұзушылық жасаған азаматтар олардың кінәсі дәлелденген жағдайда енгізіледі.

Айта кетерлігі, 2021 жылы іс­ке асырылған маңызды жоба­лардың бірі «Цифрлық құжат­тар» бағдарламасы болып табылады. Жоба жолаушыларға электронды жеке куәлікті пай­­­далануға мүмкін­дік берді. «Нұрсұлтан Назарбаев халық­аралық әуежайы» АҚ бала­лар аутизмі, Аспергер синдромы және атипті аутизм ауруы­мен ауы­ратын адамдар үшін әлеу­мет­тік маңызы бар жобаны сәтті жүзе­ге асырып келеді. Олар үшін сәйкес­тендіру таспасы жасалып, нәти­жесінде тіркеу, тексеру және басқа да қызмет түрлерін көрсетуге мүм­кіндік берілді.

Бөлісу:
Жаңа терминалдарда тіркеу аймақтары кеңейтіледі · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар