Brent мұнайы қымбаттады
<p style="text-align: justify;">Лондонның ICE құрлықаралық биржасында 2022 жылдың мамыр айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы бұған дейін 7%-дан астам құлдырағаннан кейін бір баррель үшін 100 доллардан жоғары саудаланды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> ТАСС ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.</p>
Мәскеу уақытымен сағат 04:10-дағы жағдай бойынша, Brent фьючерстері барреліне $100,77 (+0,86%) деңгейінде саудаланды. Сағат 04:17-де Brent маркалы мұнай өсімін жылдамдатып, баррелі100,9 доллардан (+0,99%) сатылды.
Сейсенбіде ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың 2022 жылдың мамыр айына жеткізілетін фьючерстік келісімшартының бағасы 7%-дан астам арзандап, баррелі 99 доллардан төмен сатылған.