Оқиға
1 мин оқу 433
Атыраудың орталығында үш адамды атып кетті
<p style="text-align: justify;">Атырауда атыстан үш адам мерт болып, біреуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> Атырау облыстық ПД департаментіне сілтеме жасап.</p>
Атырау облыстық ПД департаментінің мәліметінше қаладағы аялдамалардың бірінде атыс болған.
«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Атыстың себебін анықталып жатыр.
Бөлісу: