Аймақтар
1 мин оқу 204

Батыс Қазақстанда жолдар жабылды

<p style="text-align: justify;">Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында автокөліктердің барлық түрлері үшін жол қозғалысы уақытша шектетілді, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Қазақавтожол» ЖШС баспасөз қызметі хабарлағандай, шектеулер Қазақстанның батысындағы автожолдарға қатысты.

«16 наурызда елорда уақыты бойынша сағат 01:05-те Батыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жел, бұрқасын, көрінуді шектеу) Самара – Шымкент автожолында Жымпиты ауылы – Ақтөбе облысының шекарасы учаскесінің 394-526 км-де автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді», делінген «Қазақавтожол» хабарламасында. 

Ақтөбе облысында да БҚО шекарасы мен Маржанбұлақ ауылына дейінгі автожол учаскесінің 526-703 шақырымында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген.

Бөлісу:
Батыс Қазақстанда жолдар жабылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар