Кәсіпқой бокс
1 мин оқу 801
Дигнум жекпе-жекті қабылдамаса орта салмақты жабу керек – Жәнібек Әлімханұлы
<p style="text-align: justify;">Орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақ оғланы, WBO тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағынан басты үміткер Жәнібек Әлімханұлы кезекті мәрте мәлімдеме жасады, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Бүкіләлемдік бокс ұйымы осымен төртінші боксшыны қарсылас ретінде белгілеп отыр. Егер ол жекпе-жектен бас тартатын болса, онда орта салмақты жаба салған дұрыс», деп жазды отандасымыз твиттердегі парақшасында.
Расында да бұған дейін әлем чемпионы Деметриус Андраде, бразилиялық Эскива Фалькао, мексикалық Хайме Мунгия шайқасқа шыққысы келмеген еді. Енді ұлыбританиялық Дэнни Дигнум Жәнібектің қарсыласы атанып отыр.
Бөлісу: