Аймақтар
1 мин оқу 1,710

Қазақстанда Абай және Ұлытау облыстары құрылады

<p class="Text_root__k3x6F Text_size_md__1RW_V Text_tablet-size_lg__2cbbL Text_lineHeight_lg__3livc Text_tablet-lineHeight_sm__3Yyr6 Text_color_black__GPxvg Text_bold__2rCkP" style="text-align: justify;">Шығыс Қазақстан өңірінде жаңа облыс құрылмақ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы кезінде айтты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

«Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған», деді Мемлекет басшысы.

Бұдан өзге Қасым-Жомарт Тоқаев Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құруды ұсыну қажеттігін айтты.

«Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру — экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім», деді Президет.

Бөлісу:
Қазақстанда Абай және Ұлытау облыстары құрылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар