Ресейлік ірі авиакомпания Қазақстанға алғашқы рейсін ұшырады
<p style="text-align: justify;">«Red Wings» әуе компаниясы 19 наурыздан бастап Sukhoi Superjet 100 ұшағымен Мәскеуден Нұр-Сұлтан қаласына ұша бастайды, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> <a href="https://lenta.ru/news/2022/03/16/red/">Lenta.ru</a> сайтына сілтеме жасап.</p>
Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларына рейстер Домодедово әуежайынан дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сыйымдылығы 100 орындық Sukhoi Superjet 100 (SSJ-100) ресейлік лайнерлері қатынайды. Компания Қазақстан астанасына алғашқы рейсті 19 наурызда бастайды деп нақтылады. Алматыға ұшу 22 наурыздан бастап сейсенбі мен бейсенбі күндері іске қосылады.
SSJ-100 ұшақтары отандық лизингтік компанияларға тиесілі, ресейлік авиациялық регистрде тіркелген, сондай-ақ Ресейдегі сақтандыру компанияларына сақтандырылған.