Тимофей Скатов Италияда топ жарды
<p style="text-align: justify;">21 жастағы теннисші Тимофей Скатов екінші апта қатарынан сәтті өнер көрсетіп, Roseto Degli Abruzzi сериясындағы топырақ турнирлерінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды <a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>
16 наурызда Тимофей Скатов осы жарыстардың екінші айналымында 31 жастағы португалдық Гаштон Элиаштан озып түсті. Бірінші сетті 6:2 есебімен алып, әрі қарай қазақстандық екінші құрғақ партиядан – 0:6 есебімен ұтылды, ал ойынның қорытынды бөлігінде Скатов тез жиналып, жекпе-жектің барысын өз пайдасына бұра алды. Ойын 7:5 есебімен аяқталды.
Тартысты бәйге шамамен екі жарым сағатқа созылды. Петропавлдық теннисші сегіз брейк-нүкте, екі қос қате және бір эйс орындады.
Енді жартылай финалға жолдама алу үшін қазақстандық спортшыны Хорватия елінің өкілі Нино Сердарушичпен кездесу күтіп тұр.