Ауа райы
2 мин оқу 170

Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды

<p style="text-align: justify;">Синоптиктер 17 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a> &laquo;Қазгидромет&raquo; РМК баспасөз хабарламасына сілтеме жасап.</p>

«Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын, оңтүстік жартысында көбінесе жаңбыр түрінде, оңтүстіктің таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады, тек республиканың солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. ҚР бойынша желдің күшеюі байқалады, тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Республиканың оңтүстігінде найзағай ойнайды», делінген хабарламада.

Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман түсіп, жолдарында көктайғақ болады, облыстың оңтүстігінде, батысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Түркістан облысының таулы, тау бөктері аудандарында тұман түседі, найзағай ойнайды, батысында, солтүстігінде, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын, солтүстігінде, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Костанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі, күндіз облыстың оңтүстігінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұма түсіп, оңтүстігінде көктайғақ болады, күндіз солтүстігінде, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі, облыстың шығысында 15-20 м/с жел күшейеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, Атырау облысының батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Бөлісу:
Бүгінгі күн райының қандай болатыны айтылды · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар