Спорт
1 мин оқу 142

Поляктарға әліміз жетпеді

<p class="2018-" style="text-align: justify;">Футзалдан Польшаның Янаккала қаласында өтіп жатқан жастар ара&shy;сындағы (U-19) Еуропа біріншілігінің іріктеу турнирін Қазақстанның ұлттық құрамасы сәтсіз бастады.</p>

Поляктарға әліміз жетпеді

Тұсаукесер кездесуінде жерлестеріміз Польша футзалшыларымен шеберлік байқасты. 7-минутта Вадим Булдин есеп ашты. Бірақ қуанышымыз ұзаққа созылмады. Көп ұзамай Каспер Сендлевски таразы басын теңестірді. Үзілістен кейін алаңдағы жағдай күрт өзгерді. 27-минутта Руслан Үргенішбаев қапияда өз қақпасына гол соқса, көзді ашып-жұмғанша Шимон Лизнерски нысананы дәл көздеді. Ойынның аяқталуына санаулы минуттар қалғанда Булдин есеп айырмашылығын қысқартты. Алайда одан әріге біздің жігіттердің әлі жетпеді. Есеп – 2:3.

Қалған кездесулерде бізге жеңіс ауадай қажет. Өйткені осы төрттік команданың арасынан тек үздік шыққаны ғана іріктеу турнирінің келесі кезеңіне өтеді.

Бөлісу:
Поляктарға әліміз жетпеді · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар