Теннис
1 мин оқу 160

Индиан-Уэллс: Андрей Голубев жартылай финалға шықты

<p style="text-align: justify;">Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Андрей Голубев Индиан-Уэллс мастерс турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды&nbsp;<a href="/" target="_blank" rel="noopener noreferrer">Egemen.kz</a>.</p>

Қазақстандық теннисші германиялық Александр Зверевпен бірге ширек финалда америкалықтар Тэйлор Фриц – Томми Полмен шеберлік байқасты.

Қазақстандық-америкалық жұп 6:4, 7:6 (7:3) есебімен жеңіске жетті. Олар сағат жарымға жуық уақытқа созылған матч барысында 6 эйс жасап, 4 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. Қарсыластары 6 эйске қол жеткізгенімен, 5 брейк-пойнтты мүлт жіберді.

А.Голубев пен А.Зверев жартылай финалда америкалықтар Джон Изнер – Джек Сок немесе испаниялық Филисиано Лопес – грекиялық Стефанос Циципас жұптарының қай жеңгенімен кездеседі.

Андрей Голубев осыған дейін жекелей және жұптық сында мастерс жарыстарында жартылай финалда ойнамаған еді.

Бөлісу:
Индиан-Уэллс: Андрей Голубев жартылай финалға шықты · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар