Аймақтар
1 мин оқу 720

Қабанбай батыр музейі ашылады

<p style="text-align: justify;">Қабанбай батырдың 330 жылдығы аясында Шығыс Қазақстанда батырға арналған музей ашылады. С.Аманжолов атындағы университеттен орын белгіленген музейде экспозициялар QR-кодтар мен аудиогидтер арқылы заманауи үрдісте ресімделіп, көрерменге қазақтың дарабоз қолбасшысы туралы деректер ұсынатын болады.</p>

Қабанбай батыр музейі ашылады

Биыл аталған жоғары оқу орнында бірқатар тың жоба қолға алынды. Қабанбай батыр атындағы мұражай ашылады. Спортзалы жа­ңартылады, ату ти­ріне күр­делі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Сон­дай-ақ церебралды сал ауруы­на шал­­дыққан бала­ларға ар­налған отандық орын­дықтар, қи­мыл-қозғалысты дамытатын ойын­шықтар өндіруді қолға алып отыр.

Мұражай университеттің екінші корпусында орналас­пақ. Айта кетсек, дәл сол корпустан университеттің тарихы басталған. Қазіргі уақытта мұнда еліміздің Қа­рулы Күштері үшін бо­лашақ әске­рилер даярланады. ШҚУ ректоры Мұх­тар Төлегеннің айтуынша, мұражай бола­шақ офицерлерге қажетті білім мен тә­жірибе алуға бағыт­тал­ған. Басты мақсат – жастар­ды әскери-патриоттыққа тәр­бие­леу.

– Университет базасында Қабанбай батыр атындағы мұражайды ашу жоспары талқыланды. Жаңа нысанды ашуға көмекке музейтанушылар, сәулетшілер, тарихшылар мен әскерилер келді. Эскиздердің әртүрлі нұс­қасын талқыладық. Қа­зір­гі заманғы цифр­лы тех­­нологиялар қол­даны­лады. Сондықтан бұл музей тек біздің студенттерге, ма­гис­транттар мен докто­ранттарға ғана емес, қала тұр­ғындарына да қызмет етеді, – деді Мұхтар Төлеген.

Музей ашылған соң экспозициялар әсерін күшейту үшін жаңа заманауи технологиялар қолданылмақ. Стан­дартты витриналық жаб­дықтармен қатар QR-кодтар мен аудиогидтерді іске қосу жоспарланған.

Шығыс Қазақстан облысы

Бөлісу:
Қабанбай батыр музейі ашылады · Соңғы жаңалықтар мен оқиғалар